Жолға жұмсалған бюджет қаржысын кім өтейтіні әзірге белгісіз
Көкшетауда жаңа төселген асфальт қайта қопарылатын болды. Қопа көлін жағалай салып жатқан жол балабақша мен тұрғын үйлерге тіреліп қалған. Себебі әу баста жобасы дұрыс жасалмапты, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жағалаудан қалаға бұрылар тұстағы ескі жолдың орнына жаңа асфальт төселген. Бірақ ол тұрғын үйге тым жақын. Жобаны дұрыс жасамаған шенеуніктер енді төселіп бітуге таяу қалған көшені қайта талқандайды. Енді жолға жұмсалған бюджет қаржысын кім өтейтіні әзірге белгісіз.
«Тұрғындардан шағым түскен соң, жоба авторы «Көкшедор проект» пен BI Group компаниясымен бұл мәселені ақылдасып, шешеміз деп ойлаймын», - деді Көкшетау ТКШ бөлімінің басшысы Әділет Рақымжанов.