Желідегі ақпарат бойынша, олардың бірі мектептің директоры
Алматыдағы оқу ошағының бірінде мұғалімдердің бір-біріне әдепсіздік танытқан әрекеті желіге тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желідегі видеоға қарағанда ғимараттың ішінде екі ересек әйел кабинеттің есігін, бірі күшпен ашса, екіншісі жабуға тырысқан. Есікті ары-бері жұлмалаған олардың бір нәрсеге келіспей қалғандары байқалады.
Бейнежазбаны жариялаған автордың жазуынша, олар Алматыдағы №142 мектептің педагогтары, бірі тіпті оқу ошағының директоры екен.