Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 1828 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 62 адам коронавирустан жазылып шықты

Фото: ашық дереккөзден

62 адам коронавирус індетінен жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласы - 13, Шымкент қаласы - 2, Қарағанды облысы - 2, Қызылорда облысы - 3, Павлодар облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 10, Ақтөбе облысы - 20, Түркістан облысы - 1, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1828. Нұр-Сұлтан қаласы – 382, Алматы қаласы – 391, Шымкент қаласы – 121, Ақмола облысы – 90, Ақтөбе облысы – 54, Алматы облысы – 63, Атырау облысы – 91, Шығыс Қазақстан облысы – 13, Жамбыл облысы – 75, Батыс Қазақстан облысы – 96, Қарағанды облысы – 94, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 159, Маңғыстау облысы – 14, Павлодар облысы – 60, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 70», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты.