125 мыңнан астам талапкер ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Өтініштер 10 мамырға дейін онлайн қабылданады

Фото: ашық дереккөзден

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер тіркеу жалғасуда, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр. 18 жасқа толмағандардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.

«Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады», - дейді БҒМ өкілдері.