$ 494.87  520.65  4.91
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2024, 14:46
Қоғам

Бөтен адамдар кіре алмайды: студенттер жатақханасына Face ID орнатылады

Бұйрық әлі күшіне енген жоқ

Бөтен адамдар кіре алмайды: студенттер жатақханасына Face ID орнатылады
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда студенттер жатақханаларында биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіледі. Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік жатақханаларға бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін студенттерді бет-әлпетімен тану жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр.

««Басқа адамдардың студенттік рұқсатнаманы пайдаланып, ішке кіруіне жол бермес үшін жатақханада тұратын студенттер үшін қолжетімділікті бақылау мен басқарудың баламалы жүйесін – биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) енгізу жоспарланып отыр», - делінген құжатта.

Ал егер студенттердің жатақханада нақты тұратыны жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған кезде оператор жатақхана тұрғындарына қоңырау шалады.

Бұйрық жобасы 20 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#студенттер