«Кімге сенерімді білмеймін»: әріптесіне ұятсыз хат жазған экс-депутаттың танымал қызы пікір білдірді

Аягөз Құрмаш

Ол оқиғаны өте ауыр қабылдағанын жеткізді 

«Кімге сенерімді білмеймін»: әріптесіне ұятсыз хат жазған экс-депутаттың танымал қызы пікір білдірді
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

«Ақ жол» партиясының экс-депутаты Асқар Садықовтың парламентте жұмыс істейтін әйелге ұятсыз хаттар жазғаны жария болған еді. Оның қызы, әнші Данеля әкесінің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы күндері көп жаңалық болып, оқиғалардың қалай өрбігенін өздеріңіз көріп жүрсіздер. Менің әкем Асқар Садықов жұмыс орнындағы харассментіне байланысты қатты айыпталды. Мен де болып жатқан оқиғаларға қатты таң қалдым. Шынымды айтсам, мен не айтарымды білмеймін. Не істеу керегін, кімге сену керегін және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін білмеймін», - дейді әнші. 

Ол мұндай жаңалыққа өмір оны дайындамағанын айтты. 

«Харассментті басынан өткерген адам үшін қазіргі оқиға - үлкен стресс. Бұл жағдай менің өмірімдегі екі негізгі құндылыққа әсер етті: менің отбасым және әйелдердің құқықтары. Мен бірнеше жыл бұрын зорлық-зомбылыққа және зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы шыққанымды және қазір де сол ұстанымыма адал екенімді түсіндіргім келеді. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін айыптаймын. Осы қиын кезеңде мені қолдайтын және жанашыр адамдарға рақмет», - дейді Данеля.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.