Астанада әлем елдерінің төреші әйелдері бас қосты

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар арбитраж саласын талқылады

Фото: АХҚО Соты

Халықаралық төрелік орталығы ArbitralWomen ұйымымен бірлесе отырып, Қазақстанда тұңғыш рет арбитраж саласындағы әйелдер күнін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алқалы жиынға әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші төреші-әйелдер, ғалымдар мен заңгерлер қатысып, халықаралық арбитраж саласындағы әйелдердің жұмыс процессінде туындайтын қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы ойларын ортаға салып, өз тәжірибелерін көрсеткен.

«Дауларды шешудегі әралуандылық тек Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі үшін де зор маңызға ие. Бұл халықаралық инвесторлар, әсіресе, өзге елдермен ынтымақтастықта жұмыс істейтіндер тарапынан талап етілетін маңызды аспекті. Инвесторлар АХҚО Соты мен ХТО-да қаралатын даулардың заң үстемдігінің ең жоғары стандарттарын қолданатын, тәуелсіз, қара қылды қақ жарған әділ сот талаптарына сәйкес шешілетініне сенімді», - дейді АХҚО соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл – Холт.

АХҚО Соты мен ХТО өз қызметін бастаған 2018 жылдан бері халықаралық ынтымақтастықты дамыта, арбитражда тараптардың теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерге қол қоя және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыра отырып заңгерлер қоғамдастығында инклюзивтілікті белсенді түрде алға жылжытуда. АХҚО Соты мен ХТО гендерлік әралуандықты қолдап, Қазақстанды арбитражда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде және дауларды шешуде аймақтық көшбасшы ретінде бағалайды.

Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азиядан 150-ден астам арбитрлер, кеңесшілер, соттар мен дипломаттар қатысты.