Сарапшының айтуынша, қазір технология дамыған
«Әділет» мектепке дейінгі және орта білім беру республикалық қауымдастығының басшысы Динара Құдайқұлова елімізде АЭС бойынша референдум өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстанда АЭС құрылысы болғанын қолдаймын. Себебі Қазақстан да өзге елдер сияқты энергия өндіре алуы керек. Қазір біз әр елден энергия сатып алу үшін қыруар ақша жұмсап отырмыз. Бізде Фукусима мен Чернобыльдің теріс тәжірибесі бар. Меніңше, 30 жылдан астам уақыттан бері көп дүние өзгерді. Технологиялар жаңарды. Қазақстан өз халқы үшін басқа елге тәуелді болмай, энергияны өзі өндіре алады», - дейді Құдайқұлова.
Оның айтуынша, АЭС салынса, электр қуаты ел халқы үшін арзандайды.
«Құрылыс барысында жұмыс орындары ашылады. Ол қазақстандықтардың жұмыссыздық көрсеткішін азайтады. Заңды тұлғалар мен физикалық тұлға, зейнеткерлер мен көпбалалылар үшін жеңілдіктер пайда болуы мүмкін. Сондықтан АЭС құрылысын қолдаймын», - дейді Құдайқұлова.
Еске салса,қ 2 қыркүйек Президент өз Жолдауында 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтетінін айтты.