Көшпенділер ойындары кезінде Астанада автобустар тоқтай ма

Автор: Темірхан Айжан

Іс-шара кезінде арнайы shuttle bus жүреді 

Фото: Azattyq Ruhy

Елордада төрт күннен кейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана Арена» стадионында өтетін салтанатты шараға баратындарды сағат 14:00 бастап автобус тасымалдайды. Тұрғындар этноауыл, Қазанат, Арғымақ нысандарына өз көліктерімен келе алмайды. Ойындар кезінде қоғамдық көліктер тоқтамайды», - деді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев.

Сондай-ақ, 7-13 қыркүйек аралығында жарыс күндері көрермендер үшін арнайы автобустар shuttle bus жүреді.

«Әр күні сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін «Астана Арена» стадионы, ЭКСПО және Республикалық Бас мешітте автобустар жанкүйерлерді осы спорттық нысандарға ақысыз тасымалдайды. Одан басқа, қалалық қоғамдық көліктер ақылы түрде аталған үш нысанға барады», - деді спикер ОКҚ қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Еске салайық, іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады деген болжам бар.

Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.