Бұл туралы прокуратура хабарлады
Астана қаласында мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзу фактілері, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәселен, балабақшаларға өтірік тіркеліп, заңсыз жалақы алғандар анықталған. Бұл фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ең сорақысы, балабақша қызметкерлері демалыс уақытында балаңыздың орны сақталсын деген сылтаумен ата-аналардан ақша алған.
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, жекелеген балабақшаларда қолдану мерзімі өтіп кеткен дәрілер сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтап, оларды жоятын кезде заң бұзылған. Прокуратура араласқан соң, осы олқылықтар жойылған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.