Жыл басынан бері 60 мыңнан астам азамат мүгедектік алды

Автор: Молдатай Сымбат

Олардың өтінімі сырттай форматта қаралды

Фото: istockphoto.com

Мүгедектікті белгілеу бойынша 60,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасап, қағазбастылықтан арылу үшін аталмыш жоба 20 өңірде іске қосылды.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.