Павлодарда 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған футбол бапкері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: depositphotos.com

Желіде Павлодарда футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.

«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ПД хабарламасында.