«Қауіп төмен»: министр маймыл шешегі тіркелген жағдайда не болатынын айтты

Автор: Молдатай Сымбат

Елде коронавирус бойынша да қауіп жоқ

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова маймыл шешегі бойынша елде қауіп төмен екенін айтты. Ауру тіркелген жағдайда, алгоритм бойынша медициналық көмек көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қауіп төмен. Бірақ біз барлық қажет қауіпсіздік шараларын қолданып жатырмыз. Қазір елге кіретін аймақтарда 44 пост бар, санитарлық транспорттық қызмет іске қосылған. Астана мен Алматыда екі орталық жұмыс істеп тұр. Алгоритм бойынша көмек көрсетіледі», - деді министр.

Министрдің айтуынша, коронавирус бойынша да жағдай тұрақты.

«Коронавирус бойынша жағдай тұрақты. КВИ-ге қарсы вакцина қажеттілігі мәселесі жоқ. Жағдай тұрақты. ОРВИ бойынша вакцина алынды. 15 қыркүйектен бастап вакцина салына басталады», - деді Әлназарова.