Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады
Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов үкіміне қатысты шағым түсірмейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бақытжан Байжанов 2024 жылдың 26 тамызында сот шешімдерін қайта қарау туралы өзінің кассациялық шағымын қайтарып алды. Осыған байланысты алдын ала тыңдау өтпейді. Шағымды қайтып алу туралы қаулы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде шығады», - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген. Сол күні оның жанында жүрген туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға сотталған. Бишімбаевтың өзі 25 жыл түрмеде отырады.