Ақтөбеде қайтыс болғандар баспанадан «үміттенген»

Автор: Молдатай Сымбат

Облыста 36 мыңнан астам адам кезекте тұр

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде қайтыс болған 11 азамат пәтер кезегінде тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат пәтер кезегінде тұрған. Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды», - деп хабарлады прокуратура.

Жалпы, Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар бар.

Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды