Одан бөлек білім гранттары да артады
Жаңа жылдан бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы 15-20 пайызға өседі. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін 117 098 теңгені құрайды», деді ол үкімет отырысында.
Сонымен қатар келесі жылы гранттар саны 2 500 орынға артады. Осылайша қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім гранты бөлінеді.