Талас ауданында заң бұзушылық фактілері тіркелді
Жамбыл облысы Талас ауданында 19 393 тұтынушының құқықтары шектелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұтынушылармен шарттар жасасу кезінде типтік міндеттемелерді мәтіннен алып тастағандықтан, олардың құқықтары бұзылды.
«Мәселен, шарттың екінші бөлігінде кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс режимі үлгілік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ тұтынушылардың сапа, денсаулық және мүлік қауіпсіздігін реттейтін құқық нормалары белгіленбеген. Тиісінше тұтынушылар жеткізушінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану құқықтарынан шектелген», - деп хабарлады прокуратура.
Аудан прокуратурасы анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша аудан әкімдігіне ұсыну енгізді. Нәтижесінде шарт талаптары сәйкестендіріліп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.