$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2024, 06:41
Қоғам

Ұлытау облысында түрмедегілерді ұрып-соқты деген колония қызметкерлерінің туыстары сот шешіміне наразы

Олар өлімші етіп сабап, зорлық көрсетті дегеннің бәрі жала деп отыр

Ұлытау облысында түрмедегілерді ұрып-соқты деген колония қызметкерлерінің туыстары сот шешіміне наразы
Фото: astanatv.kz

«Колония қызметкерлері түрмедегілерді ұрып-соғып, есінен тандырған». Ұлытау облыстық прокуратурасы 11 адамға қатысты осындай сот үкімін шығарды. Бірақ айыпталғандардың ата-анасы бұл шешіммен келіспейді. Өлімші етіп сабап, зорлық көрсетті дегеннің бәрі жала дейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 «Балаларымыз жұмысына түн ішінде дабылмен шақыртылған. Олар бағынбаушылықты басу жіне тыныш ұйқтап жатқан қала тұрғындарына қауіп төнбеу мақсатында заңды түрде іс-әрекеттер жасаған. Ешкімге, ешқандай психикалиқ әлімжеттік немесе физикалық зорлық-зомбылық көрсетпеген», - дейді айыпталушының анасы Зәуреш Жанұзақова.

Оқиға 30 мамыр күні болған. Айыпталушылардың жақындары түрмеде шу шығарғандардың арасында аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер болғанын айтады. Олар әдейі өз-өздерін ұрып, денелерін жаралаған. Тіпті пышақпен кесіп, қызметкерлерді қорқытпақшы болды, - дейді. Қызығы, осының бәрі анық көрінетін камерадағы бейнежазбалар үшты- күйлі жоқ. Сотталғандардың жақындары айғақтардың іске қосылмағанына наразы.

 «Сотталғандар өздері кесілген, өз-өздеріне қасақана жарақат жасаған. Сол жерде болған жұмыскерлер ешқандай медициналық көмек көрсетпеді деп жазады. Бірақ ол жерде кезекші, жұмыста болған азаматтардың барлығы жедел жәрдем шақырған. Мекеменің ішінде бар жерде камера бар ғой. Балалардың жетондары бар. Іс басталған кезде 4 баланың жетоны жоқ. Неге? Неге іске қосылмады?», - дейді айыпталушының бауыры Назкен Әлжанова.

Сот процесі 4 айға созылған. Үкім 30 шілде күні шықты. Сот шешімі бойынша №62 мекемесінің бастығы мен оның орынбасары 6,5 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Қалған бес түрме қызметкері мен ұлттық гвардияның төрт өкілі 4-4,5 жылға сотталған.

 «Аталған дерек 2023 жылдың 31 мамырынан 1 маусымына қараған түні Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша 62 мекемеде орын алған болатын. Орын алған оқиға болған жерге барған кезде сол мекеменің жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандар осы мекеме қызметкерлері тарапынан азаптау фактісі орын алғаны турпалы жеткізді. Осы деректі тексеру мақсатында бізбен ҚҚ 146 бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деді Ұлытау облыстық прокуратурасының бастығы Жәнібек Мұқан.

Көз жасы тыйылмай, әділдік іздеген 11 қызметкердің жақындары істі жылы жауып қоймаймыз дейді. Әділ шешім үшін табанын тоздыруға дайын. Апелляциялық шағым түсірген.

Серіктес жаңалықтары