$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2024, 14:00
Қоғам

Тоқаев Астанада жаңа мектептерді аралады

Атап айтсақ, президент «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған нысандарға барған

Тоқаев Астанада жаңа мектептерді аралады
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтарына барды, деп хабарлайды

Ақорда хабарлағандай, мемлекет басшысы Астана қаласының Есіл ауданындағы №103 мектепке барып, заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу кабинеттерін аралап көрді.

Президентке оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау жаңа мектептердің басты ерекшелігі екені айтылды. Білім ордасының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке-жеке блоктарда білім алады, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасалған.

 

Серіктес жаңалықтары