Дереккөз кешіккен рейс қай әуе компаниясынікі екенін жазбаған
Қарағанды облысында рейсі 29 сағатқа кешіккен жолаушылар арыз түсіріп, компаниядан 533 мың теңгелерін қайтарып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға шілде айында болған.
«Қарағанды облысында рейстері 29 сағатқа кешіккен жолаушылар өтемақы өндіріп алды. Олар ұжымдық өтініш жазып, рейс билеттерінің бағасын талап еткен. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің құқықтық қолдауының көмегімен бес жолаушы жалпы сомасы 533,0 мың теңгені қайтарып алды», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.