Қарасора бұталарын өсірген діни идеология жақтаушысы ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Жетісу тұрғыны өзінің ауласында сора өсірген

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

49 жастағы жергілікті тұрғын қарасора бұталарын өсірген. Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – 1 келі.

«Ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп хабарлады ПД.