125 нысанның құрылыс жұмыстары Антикор бақылауында
Антикор 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқтауды қамтамасыз етті. Олар: сумен қамтамасыз ету объектілері, мамандандырылған ХҚКО, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық объектілер, тұрғын үйлер, жолдарды жөндеу, көпір салу, бөгет гидроторабы мен қазандықты реконструкциялау, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, Астана қаласында, Ақтөбе, БҚО – 10, Қызылорда және Түркістан облыстарында 4 мектептің құрылысы аяқталды.
«Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету проблемаларын назарға ала отырып, сүйемелдеу шеңберінде 14 ауылда, оның ішінде Павлодар облысында – 4, ШҚО – 3, Жамбыл облысында – 3, Қостанай облысында – 3 және БҚО – 1 су құбырларының құрылысы аяқталды. Олардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылған», - деп хабарлады Антикор.
Бұл жұмыстың нәтижелері – сапаны қосымша бақылауды күшейту және кепілдік мерзімі кезеңінде жөндеу бюджетінің шығындарын азайту. Агенттік 125 нысанның құрылыс жұмыстарын сүйемелдейді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.