Қырғызстанда сел тасқыны жалғасып жатыр
Ыстықкөлде сел тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нөсер жаңбыр салдарынан Ыстықкөл облысының оңтүстігі мен солтүстігінде сел тасқыны басталды. Елдің ТЖМ мәліметтері бойынша, жүздеген ауланы су басты. Бірнеше автожол уақытша жабылды.
Селдің салдарын жоюға 300-ден астам төтеншелік және 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.