Қарағанды облысында қауіпті вирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді
5 мамыр сағат 17:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 19 адам тіркелді. Оның ішінде: Қарағанды облысында - 6, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Түркістан облысында - 1, Шымкент қаласында - 1, Жамбыл облысында - 1, Алматы қаласында - 3, Алматы облысында 3 адам бар.
Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 4179 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 732
- Алматы қаласы – 1356
- Шымкент қаласы – 216
- Ақмола облысы – 101
- Ақтөбе облысы – 163
- Алматы облысы – 160
- Атырау облысы – 206
- Шығыс Қазақстан облысы – 30
- Жамбыл облысы – 159
- Батыс Қазақстан облысы – 198
- Қарағанды облысы – 167
- Қостанай облысы – 53
- Қызылорда облысы – 216
- Маңғыстау облысы – 85
- Павлодар облысы – 152
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Түркістан облысы – 155 адам.
Соңғы мәлімет бойынша, республика бойынша коронавирустан сауыққандар саны 1264-ке жетті. Өкінішке қарай, қауіпті індеттен 29 адам көз жұмды.