Маңғыстау облысында заңсыз су ұрлаған тұрғын анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Су ұрлығы бойынша АКТ (айқындама) жасақталып, су шығынымен үй иесі таныстырылған

Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында заңсыз су ұрлаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  жергілікті mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Мұнайшы ауылы бойынша су бақылаушылары тұрғындардың су есептегіш құралдарын тексерген.

Тексеру кезінде заңсыз жолмен диаметрі 15мм2 су есептегіш құралына (магнит) жапсыру арқылы су ұрлаған Ақбөбек-2-1-5-ші үйінің тұрғынын анықтаған. Су ұрлығы бойынша АКТ (айқындама) жасақталып, су шығынымен үй иесі таныстырылған.