Елімізде қанша автокөлік бар

Молдатай Сымбат

Оның 44 пайызы – шығарылғанына 20 жылдан асқан темір тұлпарлар

Елімізде қанша автокөлік бар
Фото: istockphoto.com

2024 жылғы маусымда 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% кеміді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросының жазуынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 506,9 мың бірлікті құрады.

Оның ішінде:

  • 88% – жеңіл автомобильдер
  • 9,9% – жүк автомобильдері
  • 2,1% – автобустар

«Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды», - делінген ақпаратта.

Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 168,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың бірлік.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.