Жылу ақысы дұрыс саналмаған: тұтынушыларға 768 млн тг қайтарылады

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл туралы Ұлттық Экономика министрлігі хабарлады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Қазақстанның тұтынушыларына жылу үшін 768 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шотында жаңа жылыту кезеңінде (2024-2025 жылдар) не күнтізбелік жылда (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрініс табады», - деп жазды Ұлттық Экономика министрлігі.

2023-2024 жылдардың өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері жалпы сомасы 768 157,39 мың теңгеге есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді:

  • Астана қаласы бойынша – 2 279,97 мың теңге;
  • Алматы қаласы бойынша – 95 405,36 мың теңге;
  • Шымкент қаласы бойынша – 20 208,83 мың теңге;
  • Абай облысы бойынша – 13 594,64 мың теңге;
  • Алматы облысы бойынша – 18 100,47 мың теңге;
  • Ақмола облысы бойынша – 33 522,87 мың теңге;
  • Атырау облысы бойынша – 10 698,19 мың теңге;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 37 701,48 мың теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 354 460,65 мың теңге;
  • Жамбыл облысы бойынша – 15 098,45 мың теңге;
  • Жетісу облысы бойынша – 6 073,80 мың теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 187,85 мың теңге;
  • Қостанай облысы бойынша – 31 998,48 мың теңге;
  • Қызылорда облысы бойынша – 38 588,60 мың теңге;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 60 948,78 мың теңге;
  • Павлодар облысы бойынша – 4 128,56 мың теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 24 136,77 мың теңге;
  • Түркістан облысы бойынша – 23,64 мың теңге.

«Бұл ретте, Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі», - деп хабарлады министрлік.