$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2024, 00:30
Қоғам

СҚО прокурорлары заңсыз салынған 36,4 млн теңге айыппұлды жойды

Сот актісі заңды күшіне енді

СҚО прокурорлары заңсыз салынған 36,4 млн теңге айыппұлды жойды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талдау барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптары өрескел бұзылғаны анықталды. Уәлиханов ауданының кәсіпкеріне аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының қаулысымен арнайы есепке қоймай, айналымдарды жүзеге асырғаны үшін 36,4 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынған болатын.

«Прокуратура бұл шешімнің Кодекс талаптарын елеулі бұза отырып қабылданғанын анықтап, аудандық сотқа наразылық білдірді. 2024 жылғы 25 маусымда Уәлиханов аудандық соты прокуратураның наразылығын қанағаттандырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, айыппұл салу туралы шешімнің күшін жойды», - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді, нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары жергілікті кәсіпкердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары