$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2024, 23:34
Қоғам

«Жеңіл ақша тапқысы келген»: есірткі затын сақтаған 19 жастағы алматылық 10 жылға сотталды

Сотталушы кінәсін мойындамады

«Жеңіл ақша тапқысы келген»: есірткі затын сақтаған 19 жастағы алматылық 10 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында психотроптық заттарды заңсыз иемденген және сақтаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Алматы соттарына сілтеме жасап.

2023 жылдың қазан айында, П. тұрақты табыс көзі болмағандықтан, жеңіл түрде пайда табу үшін, адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен Телеграм канал арқылы 12,04 грамм мөлшерінде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденген, кейіннен өзінің басқаруындағы автокөлікте сақтаған.

Сол күні патрульдеу барысында полиция қызметкерлерімен П.-ның басқаруындағы автокөлік тоқтатылған. Тінту нәтижесінде автокөліктен 25 дана психотроптық заттар тәркіленген.

Сотталушы тағылған айыптың кінәсін мойындамады.

Прокурор сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Алқабилердің қатысуымен шығарылған соттың үкіміне сәйкес, П.-ның адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденгендігі және сақтағаны дәлелденді. Сотталушының жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай анықталмады. Жеңілдететін мән-жай ретінде оның жасы (19 жас) танылды. Сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары