Петропавлдың тарихи атауы Қызылжарды қайтаруды белсенділер оншақты жылдан бері айтып келеді
Петропавлдың тарихи атауын қайтару бүгінде өзекті мәселелердің қатарында тұрған жоқ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның сөзінше, қала атауын өзгертуден де басқа шешімін таппаған мәселелер жетерлік.
«Қазіргі сәтте ол өзекті мәселе емес. Одан басқа да проблемалар бар. Мәселен, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту, су жүргізу, жылу жүйесін дұрыстау. Бұл мәселе мүлде айтылып жүрген жоқ дей алмаймын. Дәл қазіргі сәтте қала атауын өзгерту керек дейтіндер де, өзгертуге асықпау керек дейтіндер де бар», - деді ол.
Айтуынша, Петропавлға Қызылжар атауын қайтару саяси мәселе емес.