Маусым айында алтыншы рет үйленген миллиардер 91 жасында қайтыс болды

Автор: Молдатай Сымбат

Рихард Люгнер – әйгілі Вена балының көпжылдық демеушісі

Фото: Bild

Әйгілі австриялық миллиардер Рихард Люгнер 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еuronews.com жазуынша, шілдеде оған ота жасалған. Содан кейін денсаулығы сыр тартқан. 

Кәсіпкер телешоуларға жиі қатысатын, жұлдыздармен дос болған, Вена балына жылдар бойы демеушілік жасаған.

1998 және 2016 жылдары ол Австрия президенттігіне сайланды. Люгнер 6 рет үйленіп, 4 баланың әкесі атанған. Ол соңғы рет осы жылдың маусым айында, яғни, 91 жасында 42 жастағы Симон Рейлендертке үйленген.