Коммуналдық кәсіпорын Алматыда 250 млн теңгеге заңсыз шарт жасаған

Автор: Молдатай Сымбат

Іс сотта қаралды

Фото: istockphoto.com

«Алматыэлектротранс» ЖШС 250 млн теңгеге заңсыз шарт жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заң бұзушылықты Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы анықтады.

«Заң бұзушылық қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан анықталды», - деп хабарлады прокуратура.

Прокуратура араласқаннан кейін міндетті сақтандыру шарты сот арқылы бұзылды. Заңсыз жұмсала жаздаған 250 млн теңге мемлекеттік кірісіне өтелді. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.