$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жол камерасына 11 рет түскен: павлодарлық жүргізуші жауапқа тартылды

Ол айыппұл арқалады

Жол камерасына 11 рет түскен: павлодарлық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: istockphoto.com

Жол ережесін 11 рет бұзған павлодарлық азамат айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аudi көлігінің жүргізушісі ЖБО камерасына 11 рет түсіп қалған. Тәртіп бұзушы жылдамдықты шектен асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді бұл жүргізуші 300 мың теңге айыппұл төлеуі керек», – деді Павлодар қаласы ПБ жедел басқару орталығының басшысы Ренат Шамгунов.

Жыл басынан бастап жылдамдықты бұзған 30 мыңға жуық жүргізуші жазаланды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодарда «Оракул» жүйелері, жол қозғалысы ережелерін бұзуды есепке алу функцияларын және «Автоураган» кешенінің техникалық құралдарын біріктіретін жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді. Сонымен қатар «Кибер-шериф» аппараттық жүйелері қолданылады. Дегенмен, жол ережесін бұзушылар саны азаймай тұр. 

 

Серіктес жаңалықтары