Демеу Жадыраев көпшілікті тамсандырған ерекше үлгідегі жаттығуын бапкерімен бірге қайталады (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Видео әлеуметтік желіде таралды

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Олимпиаданың грек-рим күресінен күміс жүлде иегері Демеу Жадыраевтың құрметіне орай өткен тойда спортшы әлеуметтік желіде кеңінен таралған жаттығуын қайталады, деп хабарлайды

Бұған дейін  Парижде өткен чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешінде палуанның ерекше жаттығу стиліне көпшілік ерекше тамсанған еді.

Дәл сол жаттығу үлгісін Демеу Жадыраев өзінің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовпен бірге орындады. Видео әлеуметтік желіде таралып, көп пікір жинады.