Рекорд: Шымкентте 08.08 күні 60 жұп шаңырақ көтерген

Автор: Молдатай Сымбат

Ерлі-зайыптылар бұл күнді «сиқырлы дата» деп атады

Фото: istockphoto.com

Шымкенттік 60 жұп отбасын құру үшін 08.08 «әдемі» датаны таңдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Otyrar.kz хабарлауынша, 2024 жылы 08 тамыз күні жұптардың рекордтық саны үйленді.

«Қалалық АХАТ-тағы үйлену тойының дүрбелеңі «8 тамыз — бақытты күнге» дөп түсті. Биыл осы датада біздің АХАТ-та 60 ерлі-зайыптының некесі тіркелді», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент филиалының PR-менеджері Алтынай Татаева.

Жалпы, аймақта жыл басынан бері 7525 жұп шаңырақ көтерген.