Ол қамауға алынды
Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның ауласында өсіп тұрған сораның биіктігі – 1,5-2 метр. Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.