700 мал иесі жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында автожолда жүрген жылқылар табынының иелері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жыл басынан бері облыста 4805 бас иесіз жайылып жүрген малды полицейлер айыппұл тұрақтарына орналастырды және 702 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, полицияға Мойылды ауылының жанында жылқы табыны кезіп жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Құқық қорғау органдары бұл табынды айыппұл тұрағына қамады. Жылқы иесі анықталды, бұл бұзушылық үшін ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция барлық мал иелеріне жайылым ережелерін қатаң сақтау туралы ескертті.
Айта кетейік, Қостанай облысында 26 ірі қара малдан сібір жарасы анықталды.