Шет ауданының тұрғындары құрып кету қаупі бар 13 ақбөкенді атқан

Автор: Azattyq Rýhy

11 тұрғын ұсталды

Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында браконьерлерден 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қылмыстық топ Шет ауданының тұрғындарынан құралып, құрып кету қаупі бар ақбөкендерді атумен айналысқан. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 22 тінту жұмыстары жүргізіліп, полицияға 11 адам жеткізілді. 328 мүйіз, 13 ақбөкен өлексесі және 20 келіден астам бұзылған ет тәркіленді», -деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығынды анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.