Грант нәтижелері қашан және қай сайтқа жарияланатыны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми ақпарат таратты

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына тегін оқуға түскен түлектердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қазір оларға хат жазатын жастардың көбі грант тізімін қайдан білеміз деген сұрақ қояды екен. 

Сондықтан, министрлік ресми ақпарат тарата отырып, 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерге өтіп, білуге болады дейді. 

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:

 https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk 
 https://t.me/gylym_jogary_bilim
 https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim 
 https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

 Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:

 https://t.me/uto92
 https://www.instagram.com/testcenterkz/
 https://www.facebook.com/testcenterkz

«Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», - деп хабарлады министрлік.