Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзғаны үшін 21 лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тапсырыс берушілердің әрекетсіздігі нәтижесінде 6 жосықсыз жеткізуші конкурстарға қатысу және келісім-шарттар жасау арқылы мемлекеттік сатып алу саласына қатысуды жалғастырған.
Заң бұзушылыққа жол бергені үшін қадағалау органының актісі бойынша 21 лауазымды адамды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады СҚО прокуратурасы.