Ұлыбританияда үш баланы өлтірген күдікті сот алдында жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бірнеше қалада наразылықтар жалғасып жатыр

Фото: ВВС

17 жастағы жасөспірім Саутпорттағы би сабағында үш қызды өлтіргені үшін Ливерпульдің корольдік соты алдында жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Пышақ шабуылынан 6, 7 және 9 жастағы үш қыз мерт болды. Сондай-ақ жасөспірім 8 бала мен 2 ересек адамды пышақтаған. Бес бала әлі ауыр халде.

ВВС жазуынша, 3 баланың өліміне айыпты жасөспірім – Кардифте туған британ азаматы Аксель Муганва Рудакубана. Оның отбасы Руандадан көшіп келген.

Шабуыл жасау себебі әлі белгісіз.

Іс бойынша келесі сот отырысы қазан айының соңында өтеді. Айыпталушы оған дейін қамауда болады.

Айта кетерлігі, қайғылы оқиға елде үлкен резонанс тудырды. Алдымен Саутпортта, кейін Ұлыбританияның басқа қалаларында жаппай наразылық басталды. 50-ге жуық полиция қызметкері жапа шекті. Наразылық акциясы әлі жалғасып жатыр.