Ол петицияны барлық депутат қолдайтынын айтты
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны насихаттау петициясын жария талқылауда парламент депутаттарының пікірін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әр ұлттың моральдық, этикалық заңы болады. Қазақстанның діні, тілі, ділі бар. Сондықтан, осы петиция басталғалы Парламент депутаттары толық қолдайтынын жариялады. Бірнеше депутат жұмыс тобына мүше болып ендік. ЛГБТ мәселесін жан-жақты зерттеуіміз керек. Құқықтық жағын да қарауымыз керек. Адам құқығын шектейді деп жатыр. Белден төмен нәрсені адам құқығына тіремеу керек. Ішкі дүниемізге сырттан ешкім араласпасын. Өз үйіміздегі заңдарды, ұстанымдарды өзіміз шеуіміз керек. Елдің ішінде алауыздық тудырмау керек», - дейді депутат.
Жаңбыршин атағандай, елдің рухани мәселесіне әсер ететін дүние болса, оны заңды түрде қолдау керек.
«Комиссия жобаның шешімін жариялады. Біз петицияны толық қолдаймыз. Әркім өз үйінде немен айналысады, өзі біледі. Бірақ оны қоғамға шығарып, жат нәрсені жұртшылыққа шығару – қате нәрсе. Сондықтан петицияны біз толық қолдаймыз», - деді Еділ Жаңбыршин.
Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау болып жатыр.