$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2024, 09:49
Қоғам

Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлері 100 млн теңгені талан-таражға салған – ҚМА

Халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған

Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары жалған құжат жасап, мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігі мен Жамбыл облысының прокуратурасы бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған. Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады», - деп хабарлады ҚМА.

Жедел тергеу іс-шаралары, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары