Бүгін – халықаралық жолбарыстар күні

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл жолбарыс популяциясын  қорғауға арналған күн

Фото: istockphoto.com

Жыл сайын 29 шілде бүкіл әлемде Халықаралық жолбарыстар күні ретінде аталып өтіледі,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл мереке 2010 жылы осы жыртқыш аңның популяциясын сақтау проблемаларына арналған Санкт-Петербордағы «Tiger Summit» халықаралық форумында бастама болып көтерілген. Нәтижесінде 2022 жылға дейін жабайы табиғатта жолбарыстардың санын көбейтуді көздейтін «Жолбарысты қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасы» құрылды.

Халықаралық жолбарыс күнін өткізудің басты мақсаты – жолбарыстардың жойылып кету проблемасы және оларды қалай қорғау керектігі туралы көпшілікке хабарлау. Осы күнге әртүрлі елдерде көптеген тиісті іс – шаралар-тақырыптық көрмелер, телешоулар, хайуанаттар бағындағы экскурсиялар, қайырымдылық және ағартушылық акциялар және тағы басқалар орайластырылған.