Марсель мен Матильда есімді иттердің тойы қазнетті шулатты (ВИДЕО)

Автор: Нұргүл Абай

Тойдың қай қалада өткені белгісіз

Фото: видеоскрин

Естімеген ел де көп деген осы. Әлеуметтік желіде иттердің үйлену тойында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әдемі мейрамханаға жиналған тойшыл қауымды көруге болады. Кейбір қонақтар тойға жалғыз емес, итін ерте келген. Баннерда Марсель&Матильда деп жазылған. «Шаңырақ көтерген» иттердің есімдері деп түсіндік.

Микрофон ұстаған әйел той жүргізушісі болуы керек, «Майжүректі балапандарымен қарсы алайық» дейді. Осы сәтте музыка ойнап, есіктен басына ақ фата таққан қыз екі ақ итті жетектеп шығады. Тойға жиналған қонақтар оларды ду қол шапалақпен қарсы алып, мәре-сәре болады. Әйелдердің бірі ұрғашы итке фата кигізген.

Иттердің тойы желі қолданушыларының ашуына тиген.

«Бұл қыздың есі дұрыс. Есі дұрыс болса, бұлай жасамас еді. Бұл қазақтың әйелдеріне не болған, Құдай-ау? Құтырған екен, ерікккендер, намыс жоқ. Осы да мақтаныш па, еш нәрсенің қадірін білмейтіндер. Құрыған жерлерің осы ғой. Ар ұяттан жұрдай, басқа ұлт болса сөзім жоқ еді. Сендерге ата-бабаларың осындай аманат қалдырған ба??? Намыстан жұрдай еріккен, жындылар. Оданша сол ақшаңа ауру балаларға немесе үйсіз жүрген қазақтың жастарына үй алып бермейсің ба? Итпен ит болғанын түсініп тұрған жоқ-ау», -деп пікір қалдырған.

Тегтер: