Ол кейін әрекеті үшін кешірім сұрады
Астанада Марат Әйтенов пен Дана Әтешоваға қатысты сот отырысында жәбірленуші сөз сөйлеп жатқанда, аудармашы күліп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әтешова сөз сөйлеп, басынан өткен жағдайды баяндағаннан соң аудармашы өзінен өзі күліп отырған. Судьяның ескертуіне кешірім сұрап жауап берді.
Судья «бұл жерде күлетін дүние емес, адамның тағдыры шешіліп жатыр» деді.
«Кешіріңіз, мен еріксіз күліп отырмын. Кешірім сұраймын, маңызды екенін түсініп отырмын», - деді сот отырысын аударған аудармашы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Дана Әтешоваға қатысты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысы аяқталды. Судья келесі сот отырысының уақыты алдын ала хабарланатынын айтып, Дана Әтешованы сұрау келесі сот отырысында жалғасады деді.