Кезекті жемқор: «Аграрлық несие корпорациясы» директоры сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бірнеше рет пара алған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Петропавл қалалық соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өңір бойынша филиал директорын соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін, 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген үкімде.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.