24.07.2024, 12:20
Қоғам
Алматы қаласы Білім басқармасы 1,8 млрд теңгені бюджетке қайтарады - Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет негізсіз жұмсала жаздаған 30 млрд теңгені мемлекетке қайтартты
30 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол берілмеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі сәтте жалпы сомасы 30 млрд теңгеге бағаның көтерілуіне жол берілмеді. Жоба басталғаннан бері, шамамен, 171 млрд теңге үнемделді (2020 ж. бастап).
Негізінен, әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер түрлі техника мен жабдықтарды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде бағаның көтерілуіне жол берді», - деп хабарлады Антикор.
Мәселен:
- Көкшетау қаласында Құрылыс бөлімі 1,1 млрд теңгеге қосалқы трансформатор станциясын сатып алуды жоспарлады. Антикор ұсынымынан кейін, баға 896 млн теңгеге дейін төмендетілді.
- БҚО-да «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты өрт сөндіру (95 млн) және жүк-жолаушылар автомашиналарын (әрқайсысы 26 млн) 174 млн теңгеге сатып алуды көздеді, олардың нақты құны 40%-ға төмен (тиісінше 69 млн және 18 млн теңге). Автокөліктердің бағасы қайта қаралды, үнемделген сома – 50 млн теңге.
- Павлодар облысында Ақсу қ. Құрылыс бөлімі жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 9 қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үй салуды жоспарлады. Бұл ретте, 2023 жылы қарашада ұқсас құрылым 1,1 млрд теңгеге тұрғызылды. Бағаны қайта қарау нәтижелері бойынша құрылыстың жалпы құны 2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. 1,7 млрд теңгеге жоғарылтуға жол берілмеді.
- Алматы қ. Білім басқармасы 25 қалалық мектеп үшін 1,9 млрд теңгеге ас үй жабдықтарын жаңғырту бойынша көрсетілетін қызметтерді жоспарлады (бірлігінің бағасы 70-тен 79 млн теңгеге дейін, нарықтық құны 20 млн теңгені құрайды). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін 23 мектеп бойынша сатып алу тоқтатылды, екі мектеп бойынша сатып алу нарықтық құны бойынша өткізіледі. Қалалық мәслихаттың шешімінен кейін 1,8 млрд теңге мөлшеріндегі қалған сома бюджетке қайтарылатын болады.
Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
23.11.2024, 12:09
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
23.11.2024, 07:52
Астанада жаңа танысқан жігіт жас қыздың ұялы телефонын ұрлап кетті
23.11.2024, 07:30
Қостанайда пошта қызметкері алаяқтық жасап, зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген
23.11.2024, 11:49
Қазақстан мектептерінде PISA зерттеуі басталды
Редактордың таңдауы
22.11.2024, 17:25
Қазақстан Украинаға арнайы ұшқыштар жібере ме – СІМ мәлімдемесі
22.11.2024, 15:52
Астана мектептерінде қыста сабақ уақыты қысқара ма - ресми мәлімдеме