Қайрат Нұртасты сағынған жанкүйерлері қоршап алып, құшақтады (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Әнші бірнеше тәулік бұрын бостандыққа шыққан

Фото: видеодан скриншот

Қайрат Нұртас Астанадағы дүкеннің ашылу салтанатына қатысты. Жиналған топ сүйікті әншісімен айқайлап, шулап, көрісті. Олар Қайратты құшақтап, жібермеуге тырысқан, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова видео түсіріп, жариялады. Онда адамдар көшеде әншіні қалай күтіп тұрғанын және қоршап, бірге ғимаратқа кіргенін көруге болады.

«Кім қалай еңбек етсе де, абыройымен болсын, ең бастысы, таза қара тер еңбегіңмен адал нанын табу барша жастарға алға қойылған мақсат болсын! Бай-қуатты болайық», - деп жазды продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртас ұшақ бортында жұдырықтасқаны үшін 15 күнге қамауға алынды.