Цукерберг танымал көзілдірік брендін не үшін сатып алмақ

Автор: Azattyq Rýhy

2021 жылы Марк әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 5-ші орынға ие болды

Фото: istockphoto.com

Марк Цукербергтің танымал көзілдірік бренді Ray-Ban акцияларының бір бөлігін сатып алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Meta интернет-компаниясы әйгілі Ray-Ban көзілдірігін жасаушы француз-италиялық EssilorLuxottica акцияларының пакетін сатып алмақшы.

Bloomberg-тің жазуынша, бұл Meta-ға смарт көзілдірік бағытын дамытуға көмектесуі керек. Бұл –Цукербергтің мета-ғаламды құру жоспарын жүзеге асырудың кілті. Осы уақытқа дейін бұл жоспарды жүзеге асыру үшін Meta 45 миллиард доллар жұмсады.